Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды

«Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды

«Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды «Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды «Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды «Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды «Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды «Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды «Бурабай» ұлттық паркінің көлдеріне 60 мыңға жуық жас тұқы шабақтары шығарылды

«Бурабай» МҰТП мамандары Щучье, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдеріне 60 мыңға жуық тұқы шабағын жіберді.

Әр балықтың орташа салмағы – 25 г. Алты айда біршама жетілген балықтардың суықта аздап салмағы азайғанымен, қысты жақсы өткізеді дейді жануарлар дүниесін қорғау және молайту бөлімінің мамандары.

Ұлттық парк көлдеріне қандай балық түрін жіберуді,  ұсынылатын балық аулау лимитін осында жыл сайын зерттеу жүргізетін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның аумақтық филиалы айқындайды.

-Біз ұлттық парк аумағындағы су айдындарына балық жіберуді берілген ұсынымдарға сәйкес тұрақты негізде жүргіземіз. 2010-2019 жылдар аралығында көлдерге 477 мың тұқы шабақтары және 19 миллионнан астам ақ балық тұқымдас рипус пен пелядтің майшабақтарын жбердік. Кейін пандемияға байланысты жұмыс уақытша тоқтатылды. Биыл қайта қолға алып, парктегі ең үлкен үш көлді тұқы балығымен толтырдық, – деді «Бурабай» МҰТП инженер-ихтиологы Максим Пак.

Тұқы - «Бурабай» МҰТП көлдерінің ихтиофаунасында бейімделген бағалы балық  түрі. Ғылыми қызметкерлердің пікірінше, оның көбейгені көлдердің экожүйесіне жағымды әсер етеді.

Балықшылар тұқы аулауға ерекше құмар екенін де айта кеткен жөн. Айдынға үнемі шабақ жіберіліп, балық аулау барысын үнемі бақылауда ұстап отырса, көлдердің биосферасына зиян келмейді.