ҚР ПІБ "Бурабай" МҰТП ММ директоры – Быков Сергей Васильевич
Директордың орынбасары:
– Директордың орынбасары, бас орманшы - Махметов Бауржан Қабдырашитұлы;
– Экономика және күрделі салымдар бойынша директордың орынбасары - Кульмаганбетов Дамир Саткенұлы;
– Директордың дамыту жөніндегі орынбасары - Нугманова Венера Маратқызы.
Орман мен өсімдіктер әлемін қорғау, жандандыру және тиімді пайдалану бөлімі
ҚР- ның табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қадағалайды, орманшылықтарда орман шаруашылығын ,екпе ормандар, өрт сөндіру, орман қорғау және биотехникалық іс-шаралардың жүргізілуін бақылайды. Ұлттық парктің құрылымдық бөлімшелерін (орманшылықтарын) ұйымдастырады және оларға бақылау жасайды. Бөлімнің негізгі міндеттері: мекеменің инспекторлық құрамын аттестатциядан өткізу және оны жүзеге асыру, инспекторлық құрамды нормаларға сәйкес: нысанды киім-кешекпен, таңбалармен, радиостанциялармен қамтамасыз ету.
Бөлім басшысының м.а. - Ковалев Александр Сергеевич
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
"Бурабай" МҰТП-інің ғылыми жұмыстарымен ғылым, экологиялық мониторинг және ақпараттар бөлімі айналысады. Ұлттық парктің жылнамасын жүргізеді, экожүйелердің әртүрлілігін анықтайды, биоалуантүрлілікті зерттейді, (флора, фауна, сирек кездесетін және индикаторлық түрлердің популяциясын және т. б.) биологиялық әртүрліліктің мониторингін, бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру іс-шараларын әзірлейді , экологиялық зерттеулер жүргізеді, сирек кездесетін түрлердің мекендейтін жерлерін, сондай-ақ экологиялық жүйелердің әр түрлі компоненттерін қалпына келтіру іс-шаралары бойынша (топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі) жұмыс жасайды.
Бөлімнің экологиялық ағарту қызметі- бұл биологиялық сантүрлілікті сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және оны дамыту міндеттерін орындауға қажетті талаптар ретінде , халықтың табиғатты қорғауға қатысты ой – пікірлерін қолдау болып табылады.
Аға ғылыми қызметкер, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты - Архипов Евгений Владимирович
Туризм және рекреация бөлімі
Туристік қызметке туристерді жаппай орналастыруға арналған инфрақұрылымның жаңа объектілері жатады. Туризм бөлімі қысқа және ұзақ мерзімді жалға алу орындарын ұсынумен, маршруттық парқтарды сатумен, балық аулауға жолдамаларды сатумен айналысады.
Жануарлар дүниесін қорғау және молайту бөлімі
Табиғат қорғау заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі мен су қоймаларын қорғайды, жануарлар дүниесін сақтау, молайту және пайдалану саласында анықталған бұзушылық актілері және материалдарын жасайды,жануарлар ауруларының және жануар өлімінің алдын алу кезінде ветеринарлық шараларды ұйымдастыруды , биотехникалық іс-шараларды жүргізеді. Әуесқой аң аулау мен балық аулауды ұйымдастырады.
Бөлім басшысы – Зелинский Юрий Станиславович
Мемлекеттік сатып алу бөлімі
Сатып алуды ұйымдастырады жүргізеді , тауарларды сатып алу бойынша ақпаратты сайтқа орналастырады, өндірістік қызмет үшін қажетті барлық материалдық ресурстармен, ЖЖМ, қосалқы бөлшектермен, арнайы киіммен, құралдармен, шаруашылық мүлікпен ТМҚ жабдықтайды.
Бөлім басшысы - Дулатов Руслан Құрманғазыұлы
Кадр жұмысы бөлімі
Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеу жұмыстарын жасайды. Мекемеде құқықтық жұмыспен әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады, әртүрлі құқықтық құжаттарды әзірлеп құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетеді, шарттық, қаржылық және еңбек тәртібінің әзірленуі мен ресімделуін жүзеге асыру бойынша іс-шараларды күшейтеді, мекеме мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кадр резервін құру үшін кадрларды есепке алады, іріктейді, кадрлық құжаттама жасайды.
Кадр бөлімінің аға қызметкері - Кусаинова Гүлнар Кобенқызы
Марал өсіру шаруашылығы
Марал шаруашылығы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қолдауымен 2008 жылы ашылды. Марал өсіру шаруашылығы базасында емдеу-сауықтыру кешені құрылды. Маралдарды ұстау және марал пантісін кесу экологиялық таза аумақта жүргізіледі. "Марал өсіру шаруашылығында ағзаға ықпал ететін, иммунитетті күшейтіп, өмірлік тонусты жоғарылатуға арналған, құрамында панты өнімдері мен дәрілік өсімдіктер бар емдеу - сауықтыру процедуралары ұсынылады.
Марал шаруашылығының басшысы – Рахматулин Айтбулат Рашидұлы