Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Бурабай " мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі, 2023 жылға арналған ақылы қызмет түрлері бойынша орындарды ұсынуға өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.
Ақылы қызмет түрлері бойынша орындар 6, 4 орамдарында тек кәдесый өнімдері, велосипедтерді жалға алу, боди-артқа берілетін болады.
Сонымен қатар, демалушылар, жергілікті тұрғындар тарапынан Бурабай көлінің курорттық аймағының және тұтастай алғанда "Бурабай" ұлттық паркінің бүкіл аумағының санитарлық жағдайына қатысты жағымсыз қоғамдық резонансқа байланысты 2023 жылы сауда нүктелерін (тамақ, сусын, балмұздақ сату үшін) орналастыруға орын берілмейтінін хабарлаймыз.
Өтініштерді қабылдау мерзімі 2023 жылдың 25 сәуірден 25 мамырға дейін.
2023 жылға арналған жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызмет түрлерін ұсыну жөніндегі өтініштерді қарау үшін құжаттар тізбесін және өтініште байланыс ақпаратын (электрондық пошта, заңды тұлғаның ресми тіркелген мекенжайы және пошталық мекенжайы)ұсыну талап етіледі:
1.Өтініш (байланыс деректері көрсетілген еркін түрде), учаскенің орналасқан жері (орам, телім, орманшылық, ауданы), нысаналы мақсаты (кәдесыйлықтарды сату объектілерін орналастыруға арналған орын және т. б.), қызметті жүзеге асыру мерзімі (мысалы: 2023 жылғы 01 маусымнан 01 қыркүйекке дейін)көрсетілген;
2.Жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу құжаттарының көшірмелері (хабарлама, тіркеу туралы куәлік және т. б.), заңды тұлғаларға арналған құрылтай құжаттарының көшірмелері (жарғы, бұйрықтар және т. б.), деректемелер;
3.Жеке куәліктің көшірмесі;
4.Орнатылатын объектілердің фотосуреттері;
Тізбеге сәйкес құжаттарды parkburabay@parkburabay.kz электрондық поштасына немесе "Бурабай" МҰТП орталық кеңсесіне (Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47 "Б"), рекреация және туризм бөліміне жіберу керек. Байланыс телефоны 8 (71636) 71-9-19.