Ұлттық парк жыл сайын 1 сәуірде өтетін экологиялық мереке – Халықаралық құстар күнін бірге атап өтуге шақырады.
Парктің мамандары құстардың экологиясына мониторинг жүргізумен қатар, құстардың сирек кездесетін түрлерінің тіршілік ету ортасын қорғаумен және оны жақсартумен айналысады. Парк аумағында құстардың 220 түрі мекендейді, олардың 16-сы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Табиғатты қорғау акциясы аясында парк инспекторлары мектеп оқушыларымен бірлесіп құстарға арналған үйлерді орнату бойынша іс-шаралар өткізеді.
Сіздерді акцияның бір бөлігі болуға шақырамыз және парктің фауна популяциясын сақтауға бірге ат салысайық!