Басты бетӨрт қаупі маусымының басталуы - 2023

Өрт қаупі маусымының басталуы - 2023

Өрт қаупі маусымының басталуы - 2023

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 27-5/46-НҚ бұйрығы негізінде, «Бурабай» МҰТП мемлекеттік орман қоры аумағында, 05 сәуірден бастап өрт қауіпті маусымы болып белгіленді. Өрт қаупі маусымға дайындық пен оны барынша ақпараттандыру мақсатында, барлық құрылымдық бөлімшелерде (орманшылықтарда) 10 орманшылық бойынша кеңес өткізілді.  Барлық орманшылықтар өртке қарсы жабдықтар мен техникаға түгендеу жүргізді.

2023 жылдың 17 наурызында Щучинск қаласының №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында, 2023 жылғы өрт қаупі маусымға дайындық жүргізі мақсатында кеңес өткізілді. Аталған кеңеске Бурабай ауданының ТЖБ, «Ұрымқай орман мекемесі» КММ, «Мемлекеттік орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы» РМҚК ФСР және «Бурабай» МҰТП қызметкерлері қатысты.  Кеңесте 2022 жылғы өрт қаупі маусымның қорытындылары мен 2023 жылға қойылған жоспарлар айтылды.

Табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын болдырмау мақсатында «Бурабай» МҰТП , барлық азаматтардан жеке тұлғалардың паркке бару ережелерін және ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын сұрайды.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтардан азаматтық белсенділік танытуды және 8 (71636) 7-17-15; 7-36-65 (тәулік бойы) және 8(777) 200 78 19 жедел желі нөмірлері бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.

Табиғатты болашақ ұрпаққа  сақтап қалу, біздің орматақ мақсатымыз болфып табылады.