«Ақылы қызмет түрлері бойынша кәдесый өнімдерін сатуға, велосипедтерді жалға алуға және боди-артқа арналған орындар №6 және №4 орамдарында берілетін болады. Сонымен қатар, демалушылар, жергілікті тұрғындар тарапынан Бурабай көлінің курорттық аймағының және тұтастай алғанда «Бурабай» ұлттық паркінің бүкіл аумағының санитарлық жағдайына қатысты жағымсыз қоғамдық резонансқа байланысты, 2023 жылы сауда нүктелерін (тамақ, сусын, балмұздақ сату үшін) орналастыруға орын берілмейді. Өткен жылы №12 орамда дүңгіршектерге арналған орын берілмегендіктен, ол жерлер таза болды», - деп атап өтті «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков.
Жазғы кезеңде ұлттық парктің абаттандыру бөлімі, күн сайын таңертеңнен кешке дейін«Айнакөл» қонақ үйінен «Қабыршыққа» дейін жағалау сызықтарын бөтелкелерден, пластиктен, күнбағыс дәнегінен және ағыс дәнегіжәнетемекі тұқылдарынан тазартады. 2022 жылдың мәліметі бойынша ұлттық парктің аумағынан 2 500 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.