Көктемнің келуімен табиғат жандана бастайды, ағаштардағы шырын ағыны басталады. Бұл ағаштың тамырынан оның жоғарғы жағына дейін және керісінше төмен шырын ағыны болатын ұзаққа созылатын құбылыс.
Шырын ағыны өсімдіктің тіршілік әрекетін сақтау және оның одан әрі өсуі үшін қажет. Бұл үрдіс болмаса, өсімдіктер өмір сүре алмайды. Егер шырын ағу кезеңінде ағаш қабығы зақымдалса, онда сұйықтықтың діңгектен белсенді ағуы басталады. Ағаш түріне байланысты бұл процесс әртүрлі масштабта және салдарда болуы мүмкін. Бук және қылқан жапырақты өсімдіктер жарақат алған кезде аз зардап шексе, қайың мен үйеңкі көп шырын жоғалтады.
Жылы ауа-райының басталуымен қайың шырынын сүйетіндер орманға қайың шырынын алу үшін балталар, пышақтар мен басқа да құралдарды қоса ала барады. Қабықтың зақымдануы нәтижесінде мыңдаған қайыңдар халы нашарлай түседі, осының кесірінен көпшілігі аурулар мен жедел өлімге шалдығады.
Азаматтардың бұл әрекеттерінде заңсыз ағаш кесу, ағаштардың өсуі тоқтағанға дейінгі кезеңде оларды зақымдау белгілері бар. Бұзушылық үшін жауапкершілік "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-1-бабында көзделген.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу (2023 жылы 517 500 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз елу (1 552 500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз (2 070 000 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш (5 175 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ата - бабаларымыздың мұрасы, байлығымыз – ормандарды қорғайық!