Бүгін "Бурабай" МҰТП аумағында "Табиғат- тал бесігің" экологиялық акциясы өткізілді.
Акцияға "Бурабай" МҰТП, "Бурабай даму" ЖШС және "Visit Aqmola"КММ қызметкерлері қатарынан 30 адам қатысты.
Орманды тазарту Бурабай кентіндегі БӨП-тен басталды,"Қарағай" республикалық оңалту орталығының маңындағы аумақ қамтылып, Үлкен Шабақты көлінің жағасында аяқталды.
Орман алқабында барлығы 50-ге жуық қап шыны, пакеттер, майлықтар, темекі тұқылдары, бөтелкелер және басқа да тұрмыстық қоқыстар жиналды.
Орманға келушілер бүгін тасталған қоқыс ертең ұлғая бастаған күл-қоқыс орнының басы, өрт ошағы, жануарлар өлімінің себебі болуы мүмкін екенін есте ұстауы керек!
Табиғатты аялаңыздар- қоқыстан тазалап жүріңіздер!