Басты бетҚаржылық ұйым қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты

Қаржылық ұйым қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты

Қаржылық ұйым қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты Қаржылық ұйым қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты Қаржылық ұйым қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты

Бүгін "Парктер шеруі-2023" акциясы аясында ұлттық парк аумағында "KMF" микрокредиттік ұйымының қызметкерлері мен орманшылықтың мемлекеттік инспекторлары экологиялық акция өткізді.

Ормандарды санитарлық тазарту бойынша акция "Көкшетау" тауының етегінде өтті. Бірнеше сағат ішінде 40-тан астам қатысушы тұрмыстық қоқыстарды, әйнектерді және пластмасса қоқысынан тазартты. Акция өтетін орын кездейсоқ таңдалмады. "Көкшетау" тауы және оның етегі-туристер жиі баратын орындардың бірі. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолы, туристік маршруттар өтеді.

Экологиялық акцияларды өткізу түрлі саладағы ұйымдардың өкілдері үшін жақсы дәстүрге айналуда.