Басты бет"Бурабай" МҰТП аумағында өрт-тактикалық оқу - жаттығулар өтті

"Бурабай" МҰТП аумағында өрт-тактикалық оқу - жаттығулар өтті

"Бурабай" МҰТП аумағында өрт-тактикалық оқу - жаттығулар өтті "Бурабай" МҰТП аумағында өрт-тактикалық оқу - жаттығулар өтті "Бурабай" МҰТП аумағында өрт-тактикалық оқу - жаттығулар өтті

2023 жылғы 31 мамырда "Бурабай" МҰТП аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті. Ойдан шығарылған төтенше жағдай – "Көкшетау" тауының баурайындағы орман қоқысының өртенуі кезінде-15 адам және "Бурабай" МҰТП орман өрт сөндіру станциясы мен Бурабай орманшылығының 2 арнайы техникасы, Бурабай ауданы ТЖ отрядтарының жеке құрамның 111 адамы, 6 автоцистерна және  КАМАЗ вахталық автобусының 1 бірлігі, облыстық жедел медициналықк жәрдем станциясының 2 бригадасы, 1 жол полициясының экипажы, Бурабай ауданы әкімдігінің өкілдері және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК тікұшағы жұмылдырылды.  

Smart National Park жүйесі шартты өртті анықтады, ал орман өрт сөндіру станциясының жеке құрамы мен орманшылықтың инспекторлық құрамы дереу өрт ошағына қарай бет алды. Өртті барлау үздіксіз жүргізілді, ал өрт сөндіру бөлімшелері қысқа мерзімде өрт болған жерге барып, баруды жүзеге асырды.

"Бурабай" МҰТП қызметкерлері өртке қарсы және құтқару қызметтерінің бөлімшелерімен бірлесіп күштер мен құралдарды орналастыруға қатысты. Өрт орнында тартылған ұйымдар мен ведомстволардың басшылық құрамынан жедел штаб құрылды, ол өрттің дамуын бақылап, өртті басқару бойынша тактикалық шешімдер қабылдады.

Жедел жәрдем станциясының дәрігерлері шартты түрде аяғы сынған жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіп, медициналық мекемеге тасымалдауды ұйымдастырды. Дұрыс тактикалық шешімдер мен қызметтердің үйлесімді өзара іс-қимылы өртті сөндіру және жою уақытын барынша азайтты.

Бурабай орманшылығының орманшысы Қайырбай Балтабаев шартты орман өртін сөндіру жөніндегі іс-қимылдардың орындалуы тау баурайының күрделі рельефімен қиындатылғанын, бірақ өрт сөндіру тактикасы мен өрт сөндіру кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының талаптарының арқасында өрт сәтті жойылғанын атап өтті.

"Бурабай" МҰТП ормандар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану бөлімінің бастығы Александр Ковалев статистика бойынша 10 жағдайдың 9 жағдайында ормандағы өрттер адами фактордан туындайтынын, сондықтан барлығы  өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет екенін еске салды.

Ведомстволар мен мекемелер бөлімшелері қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың мақсаттары мен міндеттеріне сәтті қол жеткізілді.