"Бурабай" МҰТП аумағында Бурабай орманшылығының мемлекеттік инспекторлары демалушыларға жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережелері туралы жадынамалар таратты.
Іс-шараның негізгі мақсаты келушілерді ұлттық парк аумағындағы шектеулер мен тыйымдар, ормандағы және су айдындарындағы тәртіп ережелері туралы хабардар ету болды. Жадынамада туристік маршруттар үшін төлем шарттары туралы ақпарат, МҰТП және шұғыл қызметтер байланыс телефондары мен сайтқа сілтеме QR-коды бар. Ақпарат үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын.
Табиғаттағы әдеттегі қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, сіз "Бурабай"ұлттық паркінде жайлы демалысты және қызықты саяхатты тамашалай аласыз.