"Бурабай" МҰТП орманшылықтары аумағында 50 километр жаңа минералдандырылған жолақ тартылып, ұзындығы 4140 километр қолданыстағы жолаққа күтім жасалды.
Ұлттық парк аумағында өрт қаупі маусымғына дайындық шеңберінде қар жамылғысы ерігеннен кейін орманшылық қызметкерлері ормандарды өртке қарсы жайластыруға тікелей кіріседі. Мемлекеттік инспекторлар мен орман шеберлері жел екпінінен құлаған ағаштарды аралап, өскіндер мен төніп тұрған ағаштардан тазалап, орамдағы соқпақтарды тазалайды, өртке қарсы тақырыптағы ескерту аншлагтарын, азаматтардың орманға кіруін шектейтін шлагбаумдарды орнатады, демалыс орындарын жайластырады, сондай-ақ су алу үшін өрт су айдындарына кірме жолдарды жабдықтайды.
Өртке қарсы іс-шараларға сонымен қатар жасанды түрде жасалған өртке қарсы тосқауылдар болып табылатын минералданған жолақтарды орнату және күту жұмыстары кіреді. Мұндай кедергі қылқан жапырақты жас және басқа да ағаш түрлерін жеке учаскелерге бөлу арқылы төмен өрттің таралуына жол бермейді. Аталған жұмыстар ауыл шаруашылығы алқаптарынан жануға бейім орман екпелерінің бойында жүргізіледі – бұл жолдар мен елді мекендерге іргелес жас орман дақылдары мен ересек қылқан жапырақты екпелердің учаскелері.
Айта кетейік, жаңа минералдандырылған жолақ тарту жұмыстарының жылдық жоспарлы көрсеткіші 95 километр. Жұмыстар терең күзге дейін жалғасады.