Бүгін таң алакеуімде «Бурабай» ұлттық паркінің ғылыми қызметкерлері ақбас тырналарды бейнекамераға түсіріп алды.
Ұлттық парк аумағында олардың жалпы саны 50-60-тан аспайтынын ескерсек, бұл біздің ғалымдар үшін үлкен олжа болды. Ақбас тырна – тырна тұқымдас құстардың ішіндегі Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі екенін айта кетейік. Қызыл кітапқа енген бұл құс тұрқы жағынан өз «ағайындарының» арасындағы ең кішкентайы.
Тың игеру науқанына дейін елімізде ақбас тырнаның саны өте көп болған көрінеді. Сарыарқаның түрен тимеген даласын соқа тілгілеп, өзен-көлдердің суы да пайдаланыла бастаған кезде басқа жақтарға ауып кеткені бар, басқа себептер бар, күрт азайып кетіпті.
Жыл сайын Ұлттық парк қызметкерлері шетелдік орнитологтармен бірлесіп, құстар санағын жүргізеді. Былтыр қыркүйек айындағы есеп бойынша, қазір мұнда қанаттылардың 197 түрі бар, Оның 14-і Қызыл кітапқа енген. Төртеуі өте сирек кездесетін,, жойылып кетудің алдында тұрған құс түрлері саналады.