Бүгін өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы мекемелердің ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы шеңберінде "Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Щучинск қаласы жасағының басшылығы, бөлімше бастықтары мен диспетчерлік құрамы шолу экскурсияға ҚР ПІБ "Бурабай" МҰТП жедел басқару орталығына келді.
Сапардың мақсаты 2020 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының кәсіпорындарын цифрландыру аясында енгізілген "Smart National Park Burabay" жұмысымен танысу болып табылады.
Келушілерге өрт сөндірудегі цифрлық технологияның рөлі, артықшылықтары, өртті анықтаудағы іс-қимыл алгоритмі туралы айтылды. Сондай - ақ, смарт-жүйенің тиімділігін талқылау барысында өзара іс-қимыл және Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы өрттер туралы жедел деректермен алмасу мәселелері қаралды.Вырезать
Уәкілетті, мүдделі мекемелер арасында тәжірибе алмасу табиғи өрттердің пайда болуы мен таралуына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде бірлескен іс-шаралардың тиімділігін арттырады.