"Бурабай" МҰТП Ақылбай орманшылығының қызметкерлері Көкшетау тауында орман өртін сөндіру кезінде бұғышақты тауып алып, өлімнен құтқарды.
Орман шебері Азамат Төлебаев тастар арасынан, жанып тұрған орман жамылғысы қасынан бұғыны байқады.
"Бұғы қорқып кетті. Мен оны әрең алдым. Жігіттермен бірге оны қауіпсіз жерге көшіріп, су бердік. Оның зардап шекпегеніне және жүре алатынына көз жеткізіп, естелік ретінде суретке түсіріп, босатық", - дейді Азамат.
Естеріңізге сала кетейік, 13 шілдеде сағат 16:18-де Көкшетау тауында, "Бурабай" МҰТП Ақылбай орманшылығының аумағында өрт тіркелді, 7-орам, телім 14. Өрттің себебі-найзағай разряды. Өрт ошағы теңіз деңгейінен 600 метрден астам биіктікте орналасқан.
Өрт сағат 18:25-те оқшауланды. Алайда, өрт болған жерді бақылау және орман жамылғысының жануын сөндіру жалғасуда.