Басты бет"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 23 жыл!

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 23 жыл!

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 23 жыл! "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 23 жыл! "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 23 жыл! "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 23 жыл!

 Бүгін біз үшін атаулы күн. Осыдан тура 23 жыл бұрын 12 тамызда Үкімет қаулысымен «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылған-ды.
Қазіргі уақытта Ұлттық саябақтың жалпы аумағы 129 299 га құрайды.

💪🏼 23 жыл ішінде табиғи ортаны сақтау және қорғау саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Мекеме өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және осал түрлерін қорғау бағдарламаларын жүзеге асырды, ғылыми институттармен, білім беру ұйымдарымен және мемлекеттік құрылымдармен белсенді жұмыс істеді.

Басты-басты жұмыстарға сәл нақтырақ болсақ, Ұлттық паркте 23 жыл ішінде:

🔹 «Бурабай» МҰТП орталық кеңсесі қайта жаңартылды;
🔹 жаңа өндірістік база салынды;
🔹 4 жаңа кордон ғимараты бой көтеріп, пайдалануға берілді, тағы 4 кордон салынып жатыр;
🔹 көпірлер мен өткелдері бар 40 км жаяулар жолы мен велосипед жолдары салынды;
🔹 суару жүйесі бар орман тәлімбағы жаңарды;
🔹 «Бурабай» аумағы функционалдық аймақтарға бөлінді;
🔹 жалпы ауданы 377 166 га күзет аймағы орнатылып, оған Щучинск қаласы, Бурабай кенті, Қотыркөл, Ақылбай ауылдары және басқа да көптеген елді мекендер соның ішіне кірді;
🔹 «Бұланды» орман шаруашылығының жерлерін қосу арқылы Ұлттық парк аумағын кеңейтілді;
🔹 1080 гектардан астам алқапта орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, орманмен қамтылған алқаптар 70%-дан астамға ұлғайды;
🔹 жабайы тұяқты жануарлардың саны 60% дан астамға өсті;
🔹 экологиялық аудит жүргізілді;
🔹 ұлттық парк флорасына түгендеу жүргізілді;
🔹 материалдық-техникалық база, тиісті бөлімшелерді өрт сөндіру техникасымен, Көлік және жүзу құралдарымен, заманауи байланыс құралдарымен жарақтандыру ұдайы жаңартылып отырады
🔹 инспекторлар құрамы 500 бірлікке жуықтап, тиісті киім-кешекпен толық қамтамасыз етілді;
🔹 29 турмаршрут ашылды;
🔹 2020 жылдан бастап SMART National Park Burabay өртті ерте тану жүйесі пайдалануға енгізілді;
🔹 6 көлде гидрологиялық бекеттер, метеостанциялар салынды;
🔹 Ұлттық парк 2022 жылы ЮНЕСКО биосфералық резерваттардың ғаламдық желісіне қосылды
«Бурабай» ұлттық паркі – еліміздің мақтанышы, халықтың ең сүйікті орындарының бірі. Оны көркейту үшін алда әлі де талай маңызды жұмыстар атқарылады.