Қайырлы күн, достар!
Бурабай курорттық аймағындағы стационарлық және мобильді қоғамдық санитарлық-гигиеналық тораптардың (СГТ) жұмыс істеу орындары туралы ақпаратпен бөліскіміз келеді.
СГТ жаяу жүргіншілер ағыны қарқынды жерлерде және рекреациялық жүктемесі жоғары жерлерде, оның ішінде жағалау аймағының сызығы бойынша, "Ұлутас", "Абылайхан алаңы" және басқа да туристердің демалыс жерлерінде орнатылған.
Бурабай курорттық аймағының аумағында барлығы 29 дәретхана жұмыс істейді, оның ішінде 7 дәретханаға бару тегін, 22 СГТ ақылы негізде жұмыс істейді. Коммерциялық әжетханаға бару құны 100-ден 200 теңгеге дейін белгіленген. Коммерциялық дәретханаларға бару құнын қызмет көрсету ұйымдары шығындарын ескере отырып дербес реттейді.
Бурабай кенті аумағында 5 мобильді санитарлық-гигиеналық торапқа бару тегін, 15 мамыр мен 15 қыркүйек аралығында, сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
"Бурабай даму" ЖШС Сапар орталығы мен Мультимедиялық интерактивті кешен ғимараттарында туристердің жайлы демалысы үшін дәретхананы тегін пайдалану қарастырылған.
Картада тегін және коммерциялық санитарлық-гигиеналық тораптардың орналасу орындары көрсетілген.