«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту дәрістері ұйымдастырылды.
Парк қызметінде іс-қағаз жүргізу, өтініштерді қарастыру, әкімшілік өндіріс нысандары және басқа да құжат айналым мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекеттік тілде жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру үшін қызметкерді үш топқа бөліп, аптасына 3 рет оқытады. Дәрісті «қазақ тілі мұғалімі» біліктілігі бар маман Саида Хамзина өткізеді.
Ол оқыту кезінде дәріс алушылардың қазақ тіліне деген құрметін, қызығушылығын оятуға, қызықты мәліметтерді үйретуге тырысатынын атап өтті. Өз сөзінде ол қандай да бір тілді үйрену үшін, ең алдымен сол тілдің грамматикалық ережелеріне, өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударып, сөздік қорын білу және пайдалана алу керек деп бөлісті.