Щучье көліндегі рейд барысында яхт- клуб пен "Rixos" қонақ үйі арасындағы көл аумағында балық аулау торлары бар ер адам ұсталды. Құқықбұзушыдан 100 метрге жуық тор мен ауланған балық тәркіленді. Бұзушылық фактісі туралы ақпарат шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.