Басты бетТуристік маусым қарсаңында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында пикникке арналған 35 жаңа орын жаб...

Туристік маусым қарсаңында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында пикникке арналған 35 жаңа орын жабдықталды

Туристік маусым қарсаңында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында пикникке арналған 35 жаңа орын жабдықталды Туристік маусым қарсаңында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында пикникке арналған 35 жаңа орын жабдықталды

Бурабай курортының аумағында ас пісіретін ошағы бар алаңдары, үстелдері мен орындықтары, қауіпсіз от жағуға арналған барбекю аймағы бар 26 пикник аймағын  және от жағатын орын қарастырылмаған 9 жаңа қосымша орынды жайластыру жұмысы аяқталды.


Қаланың қарбаласынан қашып, жаңа піскен еттен рахаттанып дәм татқыңыз келсе, жаңа пикник алаңдары – ең қисынды әрі ыңғайлы нұсқа. Туристік шағын мекенде (орындықтары бар үстел, барбекю) етті көмірге пісіріп, өзіңіздің аспаздық шедевріңізден ләззат алуға қажет нәрсенің бәрі бар. Қоқыс жәшігі мен жадынамасы ақпараттық қалқан орнатылған. Барбекю аймағын кез-келген уақытта және кез- алуға болады. Ең бастысы, сіз не істей алатыныңызды және не істей алмайтыныңызды есте сақтаңыз. Демалғаннан кейін бәрін бұрынғыдай таза күйінде қалдырыңыз.
Мұндай аймақтарды құрғандағы мақсат – сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлттық паркте өркениетті демалысты ұйымдастыруға жүйелі, ойластырылған түрде жақындау. Мәселен, Үлкен және Кіші Шабақты көлдерінің жағалауларында іс пісіруге болатын мүмкіндік беретін демалыс орындары бар. Орындықтары бар, пикник үстелдері, ыңғайлы барбекюі бар ашық, жабдықталған жерлерде туристер демалуға мүмкіндік алып отыр. Адамдар лас, қоқыс шашылып жатқан жерді ожан сайын бүлдіре береді.  Ал үнемі таза тұратын, қоқысты жинап жүруге шақыратын белгі бар жерде олар тазалық сақтауға тырысады.


Айта кету керек, ормандағы өрт қауіпсіздігін Smart National Park Burabay жүйесі бақылайды. Ол ұлттық саябақтың бүкіл аумақ аумағын – 129 мың гектардан астам аумақты алып жатқан қорықты «көреді». «Ақылды» жүйенің принципі медициналық томографқа ұқсайды: камера шеңбер бойымен қозғалып, әр айналымда көптеген фотосуреттер түсіреді. Содан соң қауіпті жерлерді қызыл контурмен белгілеп, жедел басқару орталығының пультіне сигнал жібереді.


Жаңа демалыс орындары Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты көлдерінің жағасында, сондай-ақ «Терраса парк» қонақүйінен Ақбура курортына дейін созылып жатқан велосипелд жолының бойында салынуға тиіс. От жағуға болмайтын, тек ат шалдыруға арналған жерлер Айқұлақ мүсіннен бастап Абылай хан алаңына дейінгі веложолдың бойында, Кенесары үңгіріне жақын маңда орналасады.


Демалушылардың аяқ суытып, ат шалдыруына ыңғайлы жерлер туралы нақты ақпарат картада көрсетілген. Таңдалған аймаққа бару үшін QR кодты сканерлейсіз.
 11:12