Басты бет«Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдары «Бурабай» ұлттық паркінде экологиялық акци...

«Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдары «Бурабай» ұлттық паркінде экологиялық акция өткізді

«Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдары «Бурабай» ұлттық паркінде экологиялық акция өткізді «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдары «Бурабай» ұлттық паркінде экологиялық акция өткізді «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдары «Бурабай» ұлттық паркінде экологиялық акция өткізді «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдары «Бурабай» ұлттық паркінде экологиялық акция өткізді «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдары «Бурабай» ұлттық паркінде экологиялық акция өткізді

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында 4,07 гектар аумаққа 32 мың қарағай көшеті егілді. Тал егу науқанына «Бурабай» ұлттық паркі, «Оқжетпес» шипажайы және «Бурабай Даму» ЖШС ұжымдары қатысты.

- Мұндай бірлескен экологиялық акциялар өскелең ұрпаққа жерімізді баптау, тазалық сақтау және табиғатты қорғауды үлгі етудің тамаша мүмкіндігі. Оның үстіне осындай ортақ жұмыс адамдарды ұйыстырады, - дейді «Оқжетпес» ЕСК» АҚ жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Бірлік Баржақсымов.

 – Бүгін құлшыныспен жұмыс істедік! Тал егуге, орман алқабын ұлғайтуға үлес қосқан, талмай еңбектенген адамдар оны ешқашан бүлдірмейді, отамайды деп ойлаймын. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы тамаша бастама деп есептеймін. Осындай іс-шаралар табиғатты аялап, жауапкершілікті күшейту үшін адамдардың күш-жігерін біріктіреді, - деген пікірін білдірді «Бурабай Даму» ЖШС мультимедиялық интерактивті кешенінің гиді Бақытгүл Жолдасова.

Ұлттық парк ұжымы жасыл желекті алқапты ұлғайту және орман өсірудің кешенді жоспары аясында жыл сайын жас шыбықтарды отырғызу жұмыстарын жүргізеді. Биыл бізде ерікті көмекшілер келгені жақсы болды, қуаныштымыз, - дейді «Бурабай» МҰТП орман өсіру инженері Әлия Әбдірахманова.

2024 жылдың 8 сәуірінен бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің 30 құрылымдық бөлімшесінің бірлескен күшімен кордондарға іргелес аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілгенін, 180 текше метр қоқыс шығарылғанын айта кеткен жөн.

«Қазақстанның түкпір-түкпірінде экологиялық шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналып келе жатқанына қуаныштымын. Бұл, әрине, патриотизм мен дұрыс экологиялық тәрбиені қалыптастырады», - деп атап өтті «Бурабай» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорнының директоры Сергей Быков.

Оның айтуынша, мамыр айының соңына дейін Ұлттық парктің Ақылбай, Бурабай, Приозерный, Золотобор, Мирный, Жалайыр орман шаруашылықтарында тағы 800 мыңға жуық ағаш егіледі. Жаңа орман екпелерінің жалпы ауданы 104,6 гектарға жетеді. Жалпы, жыл соңына дейін Ұлттық парк ұжымы 832,2 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.