Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінде 5 айда табиғат қорғау заңнамасын 78 мәрте бұзу фактісі анықталды

«Бурабай» ұлттық паркінде 5 айда табиғат қорғау заңнамасын 78 мәрте бұзу фактісі анықталды

«Бурабай» ұлттық паркінде 5 айда табиғат қорғау заңнамасын 78 мәрте бұзу фактісі анықталды

2024 жылдың басынан бері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары табиғат қорғау заңнамаларын бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 78 хаттама толтырды. Тиісті ережелер ең көп бұзылған уақыт қаңтар айы – 33 факт.

 

Қорғалатын табиғи аумақтарда рұқсат етілмеген жерге шатыр тігу, арнайы соқпақтардан шығып кету сынды фактілер анықталса, инспекторлар  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарының тиісті баптарына сәйкес, алдымен әкімшілік хаттама толтырып, ескерту беретінін атап өткен жөн. Ал егер дәл сол азамат бір жыл ішінде сол ережені тағы да бұзатын болса, айыппұл салынады.   

 «Бурабай» ұлттық паркінде 73 жағдайда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тиісті ережені сақтамағандарға ҚР ӘҚБтК 380-бабы бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Ұлттық парк аумағында ӘҚБтК 368-бабына (Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын (материалдарын) дайындаудың белгiленген тәртiбiн бұзу) қатысты ереже бұзған 1 адамға ескерту жасалды.

Тағы 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 143-бабы бойынша (Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын бұзу) жалпы сомасы 36 920 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидалары) 1 фактісі анықталды. Бір тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 337 бабы бойынша (құнарлы топырақты бүлдіргені үшін) 73 840 теңге айыппұл салынды.

Ұлттық парк инспекторлары анықтаған заң бұзу фактілері бойынша барлығы 138 090 теңге айыппұл салынды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар электронды түрде ресімделетінін айта кетейік.

Ұлттық парк инспекторлары демалушылар мен басқа да азаматтарды табиғат аясында тиісті талаптарды сақтауға, заң бұзу фактілеріне жол бермеуге шақырады.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі