Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті

«Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті

«Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті «Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті «Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті «Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті «Бурабай» ұлттық паркінде «Тыныста, тал-шыбық!» экологиялық акциясы өтті

«Тыныста, тал-шыбық!» акциясы аясында «Бурабай» МҰТП инспекторлары мен оқушылар  ағаштардың бұтағына байланған 15 000-нан астам байлауларды жинады

 «Бурабай» МҰТП Бурабай орманшылығының инспекторлық құрамы Сакен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп  ұлттық парктің аумағында «Тыныста, тал-шыбық!» акциясын өткізді.

Күні бойы олар «Аютас» жартасының маңындағы қарағай мен қайың бұтақтарын туристер таққан пластик пакеттерден, матадан, целлюлозадан және басқа материалдардан тазалады. Барлығы 15 000-нан астам байлау шешіліп алынды.

 «Іс-шараның мақсаты жасыл желекті қорғау. Адамдардың ырымдап таққан байлаулары өсімдіктердің еркін өсуіне кедергі келтіреді. Әр түрлі материалдардан жасалған заттар ағаштардың өсуі мен дамуын қиындатады, жарық пен көміртегін қабылдауына жол бермейді. Ағаш бұтағындағы материалдар ылғалды сіңіріп алады, бұтақтарды зақымдайды. Сонымен қатар, пластиктен байлаулар өте баяу ыдыра       ды, экожүйе үшін ұзақ мерзімді проблема туғызады", - деп түсіндірді орман шебері Айбек Ақжүніс.

Акция қатысушысы, 10 сынып оқушысы Радмир Алғазин де өз әсерлерімен бөлісті.

"Біз тек бір қарағайдан жарты қапқа жуық байлауларды алып тастадық. Менің бұл проблеманың айтарлықтай өзекті екеніне таңғалдым! Баршаны орманда тазалық сақтауға және табиғатты қорғауға шақырамын. Өтінемін, бұтаққа ештеңе ьайламаңыздар! Біздің болашағымыз қоршаған ортаға деген көзқарасымызға байланысты екенін бәріміз түсінуіміз керек",- дейді ол.

 «Тыныста, тал-шыбық!» акциясы жыл сайын өтетінін айта кетейік. Бұл іс-шара ағаштардың бұтағы мен түбін қоқыстардан тазартуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар жастардың назарын ұлттық паркте табиғатты сақтау әдебіне де назар аударады.