Басты бетЖаздың алғашқы айында ұлттық парк аумағынан 152 тонна қоқыс шығарылды

Жаздың алғашқы айында ұлттық парк аумағынан 152 тонна қоқыс шығарылды

Жаздың алғашқы айында ұлттық парк аумағынан 152 тонна қоқыс шығарылды Жаздың алғашқы айында ұлттық парк аумағынан 152 тонна қоқыс шығарылды Жаздың алғашқы айында ұлттық парк аумағынан 152 тонна қоқыс шығарылды Жаздың алғашқы айында ұлттық парк аумағынан 152 тонна қоқыс шығарылды Жаздың алғашқы айында ұлттық парк аумағынан 152 тонна қоқыс шығарылды

 

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман инспекторлары мен абаттандыру қызметкерлері күн сайын орман алқабы мен көз айдындарының жағасында тазалықты сақтау жұмысын жүргізеді.

Парк территориясында барлығы 155 ауқымды контейнер мен 200 қоқыс жәшігі орнатылған. Олар жұмыс күндері кемінде үш рет, ал демалыс және мереке күндері – бес рет тазартылады.

Табиғи паркті таза сақтауға еріктілер — студенттер мен оқушылар, табиғат белсенділері, жергілікті кәсіпорындардың ұжымдары белсене қатысатынын атап өткен жөн. Ұлттық парк ұжымы барлық ерікті көмекшілерге алғыс білдіре отырып, еріктілердің қатысуымен өтетін «Таза орман» кезекті эко-акциясы 13 шілдеге жоспарланғанын хабарлайды.
 

"Туристерге ыңғайлы болсын деп, біз көлдердің жағасында арнайы жабдықталған пикник алаңдарын аштық. Алайда, демалушылар демалыс орындарын тазалап, тұрмыстық қоқыс пен тамақ қалдықтарын демалыс орындарынан небәрі 20-50 метр жерде тұрған қоқыс жәшіктеріне салмай кететіні біздің қызметкерлерді қынжылтады, - дейді «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков. - Ұлттық парк әкімшілігінің атынан жұртшылықты қалдықтарды тиісті жерге тастауды, демалғанда қоқыс шашпай кетуді сұраймын. Паркімізді отбасылық демалысқа таза әрі әдемі сақтайық!»