Осы аптадағы ауа райын болжамында температура жоғарылап, желдің екпіні артады делінген. Бұл сақтық талаптарын сақтамаған жағдайда орман өртінің туындауына ықпал етуі мүмкін. Осыған орай, баршаны ерекше мұқият болып, сақтық шараларын естен шығармауға шақырамыз.
Бұл кезеңде күн сәулесі мен жел өрт қаупін күшейтуі ықтимал. Мысалы, әйнектен немесе мөлдір су ыдыстарынан өткен күн сәулесі, сондай-ақ жалынға тиген жел, оттың ұшқыны тілсіз жаудың таралуына себеп болуы мүмкін.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау кез-келген жағдайда, әсіресе орманды, таулы аймақтарда өте маңызды екенін ұмытпаңыздар.
Егер өрт белгілерін байқасаңыздар, дереу құтқару қызметіне хабарлау қажет. Дер уақытында жылдам әрі дұрыс әрекет ету үлкен шығындардың алдын алуып, табиғатты апаттан аман сақтауға көмектеседі.
«Бурабай» МҰТП жедел басқару орталығына шұғыл жүгінуге арналған нөмірлер 8 (71636) 7-17-15, орман өрт сөндіру станциясы 8 (71636) 7-36-65.
Табиғатты қорғаңыз және қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Сізге жайлы демалыс және жарқын әсер тілейміз!