Басты бетТуристер тасқындаған жыл: «Бурабай» ұлттық паркіне келушілер саны 15 %-ға көбейді

Туристер тасқындаған жыл: «Бурабай» ұлттық паркіне келушілер саны 15 %-ға көбейді

Туристер тасқындаған жыл: «Бурабай» ұлттық паркіне келушілер саны 15 %-ға көбейді Туристер тасқындаған жыл: «Бурабай» ұлттық паркіне келушілер саны 15 %-ға көбейді Туристер тасқындаған жыл: «Бурабай» ұлттық паркіне келушілер саны 15 %-ға көбейді Туристер тасқындаған жыл: «Бурабай» ұлттық паркіне келушілер саны 15 %-ға көбейді

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристер жиі келетін жерлердің бірі. Жыл басынан бері Ұлттық паркке 578 мыңнан астам адам ат басын бұрды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15% - ға жоғары.

         Әдеттегідей, туристер тасқынының шырқау шегі түрде жаз айларымен тұспа-тұс болды. Әсіресе Бурабай, Шортан, Қатаркөл, Үлкен Шабақты көлдерінің жағасында демалғандардың қарасы қалың. Ал спорттық балық аулауға әуестер Жөкей көлін жағалайды.

"Парктің туристік жүктемесі артып барады. Демалушылар негізінен мамыр-қыркүйек айлары аралығында, әсіресе шілдеде көп болады. Маусымда олардың саны жүз мыңнан асты. Ұлттық парктің бірегей табиғаты, санаторлық-курорттық мекемелердің, оңалту және сауықтыру орталықтарының алуан түрлілігі туристердің жыл бойы келуін қамтамасыз етеді. Осы орайда Ұлттық парк ұжымы рекреациялық жүктеме тепе-теңдігін сақтап, табиғи кешенді қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өткім келеді, - дейді «Бурабай» МҰТП директорының орынбасары Венера Нұғманова.

Жеті айдың ішінде саябақ аумағына енген көлік саны 175 347-ге жетті. Әрбір үшінші жолаушылар көлігі саябаққа орта есеппен кемінде 3 рет кірген.

Директор орынбасарының айтуынша, келушілер санының артуы саябақтың экожүйесіне айтарлықтай әсер етеді. Бұл, ең алдымен, тұрмыстық қалдықтардың көбеюіне қатысты. Жыл басынан бері Ұлттық парк аумағынан 440 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды. Былтыр 12 айда 840 тонна қоқыс жиналған болатын.

«Ұлттық парктің экожүйесіне түсетін рекреациялық жүктеме мен биопроцестердің әсерін тереңірек түсіну үшін өткен жылы біздің ғылыми қызметкерлер Қазақстанның география және су қауіпсіздігі институтының ғалымдарымен бірлесіп, кешенді ғылыми зерттеулерді қолға алды. Зерттеу гидрология, орман шаруашылығы, рекреация, териология, климатология сынды бағыттар бойынша жүргізіледі. Орман шаруашылығындағы қатерлер зерттеледі. Біз су жинау бассейндерін қайта құру, айыртұяқты жануарлар санын реттеу бойынша ұсыныстар күтеміз. Туристік жүктеменің артуы экожүйеге қаншалықты әсер ететінін түсінгіміз келеді. Толық диагностика Ұлттық паркті одан әрі дамытуға қатысты ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, - деді В.Нұғманова.

Туристер ағынының артуы жергілікті инфрақұрылымды дамыту қажеттілігін де туғызады. Демалуға жайлы жағдай жасау үшін Ұлттық парк қызметкерлері көлдердің жағалаулары мен басқа да туристер жиі баратын жерлерді абаттандырып отырады.

«Бурабай» ұлттық паркі қоршаған ортаның жай-күйін бақылауда ұстау үшін көлдердегі судың сапасын, су мен ауаның ластану деңгейін талдауға, экожүйелерге төнетін қатерлерді анықтауға және ластану көздерін анықтауға мүмкіндік беретін жабдық сатып алғанын айта кетейік.

Бұл кешенді автоматты диагностика мамандарға Ұлттық парктің су айдындарын күтіп ұстау үшін барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

«Ұлттық парк ұжымының басты міндеті — өлкенің табиғи сұлулығын сақтау. Біздің қызметкерлер табиғатты өрттен қорғау, қоқыс жинау, орман алқабын кеейту, флора мен фаунаны сақтау бойынша ауқымды жұмыс атқарады. Туристерді құлағдар ете кетейін. Биыл ғана саябақтың орман шаруашылықтарында табиғатты қорғау тақырыбына арналған қосымша 50 жаңа ақпараттық аншлаг - тақталар орнатылды. Сондай айтылғандай, ұлттық парк қонақтарын ұқыпты әрі саналы болуға шақырамыз. Біз туристердің экологиялық әдебіне үміт артамыз, - дейді Венера Нұғманова.