Кейінгі бес жылда «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі бұландардың саны 2,5 есеге өсіп, 122 басқа жетті. Сілеусін популяциясы 4 есе ұлғайып, 48 басты құрады. Бұғылар 108-ге, елік 25-ке, Түлкі 14-ке көбейді. Бұл ұлттық парктің ғылыми мамандары жариялаған негізгі жабайы аңдар санағының нәтижелері.Etc2023*
Жергілікті аң-құстардың тыныс-тіршілігін бақылау, қорғау және азықтандыруды тиімді ұйымдастыру жануарлар санының өсуіне қолайлы жағдай туғызып отыр.
«Соңғы жылдары біз қыс мезгілінің қаталдығына қарамастан жабайы жануарлар айтарлықтай көбейгенін байқадық. Бұл Ұлттық парк ұжымы үшін қуанышты жайт. Дұрыс бағытта жұмыс атқарып, табиғи ресурстарды сауатты басқарып, биотехникалық шараларды сапалы жүзеге асырып жатқанымызды көрсетеді. Осынша күш-жігердің арқасында ең қиын климаттық кезеңдерде де жануарлар популяциясын сақтауға болады», - деді «Бурабай» МҰТП жануарлар әлемін қорғау және өсімін молайту бөлімінің басшысы Юрий Зелинский.
Ұлттық парк инспекторлары жануарлар әлемін қорғау және өсімін молайту бөлімінің мамандарымен бірлесіп, жануарлардың із мұқият зерттей отырып, жиналған деректерге тұрақты мониторинг, санақ және талдау жүргізеді. Сондай-ақ фототұтқыштар арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда визуал бақылайды. Бұл оларға аң-құстар популяциясын бақылап, биотехникалық жұмыстарды жоспарлау үшін қажет.
«Жануарлардың көбейгені – барша әріптестеріміздің күнделікті жұмысының нәтижесі. Біз үшін табиғи мұраны сақтап қана қоймай, оны болашақ ұрпақ игілігі үшін дамыту да маңызды»,- деп атап өтті Ю.Зелинский.
Биотехникалық іс-шаралар жабайы табиғат популяциясын сақтауда шешуші рөл атқарады. Ұлттық парк инспекторлары азықтандыру алаңдарындағы науаларды жыл сайын жөндеп, жаңартып отырады. Бұландар, бұғылар мен еліктерге жем салатын, ық болатын қалқа жасайды, ағаш бұталарынан бума әзірлейді, пішен орады және басқа да жем-шөп түрлерін әзірлейді. Бұл жұмыс жануарлардың қатал қыс мезгіліндегі тыныс-тіршілігін едәуір жеңілдетеді.