Басты бет«Бурабайдағы» 7 көлде зерттеу жұмысы басталды

«Бурабайдағы» 7 көлде зерттеу жұмысы басталды

«Бурабайдағы» 7 көлде зерттеу жұмысы басталды «Бурабайдағы» 7 көлде зерттеу жұмысы басталды «Бурабайдағы» 7 көлде зерттеу жұмысы басталды «Бурабайдағы» 7 көлде зерттеу жұмысы басталды «Бурабайдағы» 7 көлде зерттеу жұмысы басталды «Бурабайдағы» 7 көлде зерттеу жұмысы басталды

 

Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Солтүстік филиалының ғалымдары «Бурабай» ұлттық паркінің Бурабай, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Текекөл, Шортан, Қатаркөл және Жөкей көлдерінің экожүйесінің тұрақтылығын зерттеу жұмысын бастады.

Ғалымдар көлдердің ихтиофаунасындағы балықтар мен басқа да жәндіктер құрамына, балық және басқа да биологиялық ресурстарының таралуына, сондай-ақ балық популяцияларының жағдайына баға беруі керек. Сондай-ақ, су объектілерінің морфометриялық сипаттары мен гидрологиялық режимі, судың гидрохимиялық құрамы, азық базасының күйі талданады. Жиналған деректер бойынша көл ресурстарын ұтымды пайдалану туралы ұсынымдар, айдындарды қорғау жөніндегі іс-шаралар әзірленеді. Спорттық балық аулау кезінде аулауға рұқсат берілген балық көлемі де нақтыланады.

«Біз қазір балықтардың көбею барысын, түрлік құрамын, саны мен сипаттамаларын, өлшемдік құрылымын, жасын және жыныстық құрамын зерттеу үшін ихтиологиялық материал жинап жатырмыз. Зерттеу нәтижесі су айдындарын ұтымды пайдалану және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға негіз болады»,-деді Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Солтүстік филиалы тірек пунктінің меңгерушісі Владимир Крайнюк.  

«Биылғы жылдың соңына дейін біз Үлкен Шабақты көлінің тұқы тұқымдас балықтарын аулаймыз. Бұл шара экожүйедегі экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге және сақтауға көмектеседі. Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары барлық көлдерге қатысты зерттеулердің аяқтауын, жұмыстың нәтижесін күтіп отырмыз»,–деді «Бурабай» МҰТП инженер-ихтиологы Нұрман Айтқожин.