Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінде бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ табылды

«Бурабай» ұлттық паркінде бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ табылды

«Бурабай» ұлттық паркінде бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ табылды «Бурабай» ұлттық паркінде бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ табылды «Бурабай» ұлттық паркінде бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ табылды «Бурабай» ұлттық паркінде бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ табылды «Бурабай» ұлттық паркінде бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ табылды «Бурабай» ұлттық паркінде бірнеше елдің Қызыл кітабына енген саңырауқұлақ табылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде саңырауқұлақтың сирек кездесетін түрлерін тапты.

Атап айтқанда, құбылмалы пецица (Peziza varia), күзгі желі (Gyromitra infula), ақ саңырауқұлақ (Hygrocybe conica), рамария (Ramaria eumorpha),  ойық саңырауқұлақ (craterellus cornucopioides), қозықұйрық (lepiota magnispora), ағашқұлақ (phaeolus Schweinitzii) сынды бірегей түрлерін кезіктірді.  

Ғалымдардың тағы бір олжасы -  торлы саңырауқұлақ (Clavariadelphus sp.). Бұл сирек кездесетін өсімдіктің үстіңгі жағы жіңішке таяқша тәрізді, түсі әдетте ашық сары немесе сарғылт, кейде тіпті қызыл.  Ең басты ерекшелігі 3-5 жылда бір рет қана өсіп шығады. Қазіргі таңда Clavariadelphus sp. бірнеше елдің Қызыл кітабына енген.

«Алдын-ала Clavariadelphus sp. ретінде деп айқындалған саңырауқұлақтың табылғаны ерекше назар аударуға тұрарлық жайт. Ол алдағы уақытта Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілуі мүмкін. Бұл жаңалық Ұлттық саябаттың өсімдік әлемінің алуандығын көрсетеді. Соның ішінде саңырауқұлақтар тобын одан әрі зерттеп, қорғау қажет екендігіне көз жеткізіп отырмыз», деді Ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Евгений Архипов. 

Айта кету керек, «Бурабай» МҰТП қызметкерлері ұлттық парктің микологиялық тізілімін жасауды қолға алды. Тізімге саябақ аумағында өсетін саңырауқұлақтардың барлық түрі қосылуға тиіс.

«Бес жыл ішінде «Бурабай» МҰТП Ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері алғаш рет ұлттық парк аумағында өсетін саңырауқұлақтардың барлық түрлерін қамтитын микологиялық тізілім жасайды. Бұл экожүйені терең зерттеуде және біздің аймақтың биологиялық алуандығын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды қадам болады. Микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым) экожүйедегі процестерді түсінуде ерекше рөл атқарады, себебі саңырауқұлақтар органикалық заттардың ыдырауы мен топырақтың құнарын сақтауда үлкен рөл ойнайды», - деп атап өтті Евгений Архипов.

Ғалымның айтуынша, саябақ аумағында жүргізілген зерттеулер экожүйе туралы жиналған деректерді молайтып қана қоймай, табиғатты қорғаудың тиімді шараларын қолға алуға ықпал етеді.

         «Саңырауқұлақтар қоректік заттар айналымына және ағаштардың саулығына ерекше әсер етеді. Яғни, оны зерттеу Ұлттық парктің табиғатын сақтау үшін өте маңызды», - деді «Бурабай» МҰТП ботанигі Юлия Боссерт.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі