«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көлдері жағалау сызығы мен орман жолдарының 150 шақырымнан астамы ретке келтіріліп, жазғы экологиялық акциялар кезінде қоқыстардан тазартылды. Ұлттық парк аумағында төрт жүз тоннадан астам қоқыс жиналды.
«Taza Qazaqstan», «Таза жағалау», «Таза орман", "Бұлақ көрсең-көзін аш» және "Қоқыс жоқ!", оқушылар, жергілікті тұрғындар, жергілікті бизнес қоғамдастық өкілдері, 500-ден астам еріктілер қатысты.
«Құмырсқа илеуі» акциясы барысында еріктілер құмырсқа илеулерін қоршады. "Тыныста, тал бұтақ!" акциясы ағаш бұтақтарын олардың өсуіне кедергі келтіретін ескі байлаулардан босатуға көмектесті және ағаштардың зақымдануын болдырмады.
«Эко-қозғалыс қарқын алып, ұлттық парк инспекторларының жұмысына елеулі қолдау көрсетіп отырғанын көру өте қуанышты. Еріктілер саны мен олардың экологиялық сана-сезім, хабардар болу деңгейі өсуде. Еңбек ұжымдары бізге көмек ұсына бастады. Бұл өте жақсы белгі», – деп атап өтті "Бурабай" МҰТП бас орманшысы Бауыржан Махметов.
Бұл іс-шаралар экологиялық тепе-теңдікті қолдауда ғана емес, жас қазақстандықтарды экологиялық тәрбиелеуде де маңызды қадам болды.
«Мұндай акцияларға қатысқан сайын мен табиғатымыздың болашағы үшін жауапкершілікті сезінемін. өз жұмысының нәтижелерін және таза орманды көру – керемет сезім», – деп бөлісті Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің оқушысы Камила Муслимова.
«Бурабай» МҰТП дирекциясы биылғы экологиялық акциялар маусымының аяқталғанын жариялады, бірақ парк қызметкерлері, еріктілер де табиғатты қорғау мәселелеріне қызығушылық келесі жылы да арта түсетініне сенімді.