Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінде шағала аузынан құтылған саяхатшы бақа фотоға ілінді

«Бурабай» ұлттық паркінде шағала аузынан құтылған саяхатшы бақа фотоға ілінді

«Бурабай» ұлттық паркінде шағала аузынан құтылған саяхатшы бақа фотоға ілінді «Бурабай» ұлттық паркінде шағала аузынан құтылған саяхатшы бақа фотоға ілінді «Бурабай» ұлттық паркінде шағала аузынан құтылған саяхатшы бақа фотоға ілінді

«Бурабай» МҰТП зоологы Салтанат Балташева Қатаркөл орманшылығында елең еткізерлік ерекше фотокадр жасап, олжалы болды.

Қоршаған ортаны бақылап жүрген Салтанат Балташева атақты «Саяхатшы бақа» ертегісінің (авторы Всеволод Гаршин) иллюстрациясы болуға  әбден лайықты кадр жасады. Ол самғаған шағаланың аузына ұшып бара жатқан бақаны, шешімтал бақаның құстың тұмсығынан сытылып шығып төмен құлдилағанын түгел түсіріп алды.

Бұл сирек кадрлар ұлттық парк аң-құстарының өмірін бақылауда қаншалықты қызықты көруге болатындығын және осындай ұмытылмас әсер қалдыратын туған өлкенің табиғатын қорғаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.

«Бурабай» МҰТП фаунасында құстың 220 түрі, оның ішінде Қызыл кітапқа енген 16 түрі бар. Сонымен қатар, қосмекенділердің екі түрі кездеседі, ол: өткір жүзді бақа және шығыстың жасыл бақасы. Сондай-ақ бауырымен жорғалаушылардың төрт түрі бар.

 Табиғи парк суқоймаларын балықтардың 16 түрі, сүтқоректілердің 48 түрі және жәндіктердің 179 түрі мекендейді.

 

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі