Басты бетЖаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды

Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды

Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды Жаз маусымында «Бурабай» ұлттық паркіне жарты миллионға жуық адам барды

1 маусым мен 31 тамыз аралығында Бурабайға 450 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Жазғы туристік маусымды қорытындылаған «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің дирекциясы осылай деп хабарлады.

Жыл басынан бері 8 айында Ұлттық парк 650 мыңнан астам қонақты қабылдады. 2023 жылдың 8 айындағы көрсеткіш - 550,7 мың адам.

Бурабай елдік және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар өтетін орынға айналуда, бұл туристерді тартуға және Бурабайдың танымалдығын арттыруға ықпал етеді. «X-Waters Kazakhstan 2024», «Aqbura Bay trail 2024» сынды спорттық іс-шараларға мыңдаған адам келгені осыны көрсетеді.

         «Инфрақұрылымды дамыту және экскурсиялық бағдарламаларды кеңейту Қазақстаннан ғана емес, шетелден де демалушыларды тартады.  Жазда саябаққа 8 мыңнан астам шетелдік турист келді. Қонақтардың географиясы бойынша ТОП-5 ел қатарында Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Германия және Қытай бар. АҚШ азаматтары қызығушылық танытып отыр», - деді «Бурабай» МҰТП директорының даму жөніндегі орынбасары Венера Нұғыманова.

Саябақ экологиялық туризмді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жайлы демалу үшін жағдайларды белсенді дамытуда.  Аймақтың табиғатымен жақынырақ танысуға көмектесетін экологиялық соқпақтар мен туристік маршруттар арқылы осы жазда 9 мыңнан астам адамды жүріп өтті.

Жазғы маусымның қорытындысы «Бурабай» ұлттық паркінің Қазақстандағы ішкі туризмнің жетекші бағыттарының бірі ретіндегі позициясы нығая түскенін көрсетіп отыр. .

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі