Бүгін "Бурабай" МҰТП-да орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараны ұлттық парктің директоры Сергей Быков ашып, ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, олардың орман экожүйелерін қорғау мен қалпына келтіруге қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Салтанатты рәсім барысында "Бурабай" МҰТП-ның 7 қызметкері адал еңбегі мен ісіне берілгендігі үшін I, II және III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғау қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, ерекше көзге түскен қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Ұлттық парктің барлық қызметкерлерін мерекемен құттықтаймыз және табиғатты қорғау жөніндегі маңызды және асыл миссияда одан әрі табыс тілейміз!