Басты бет«Бурабай» ұлттық табиғи паркінде 2024 жылғы орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы көше...

«Бурабай» ұлттық табиғи паркінде 2024 жылғы орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы көшеттердің жоғары өнімділік деңгейін көрсетті

«Бурабай» ұлттық табиғи паркінде 2024 жылғы орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы көшеттердің жоғары  өнімділік деңгейін көрсетті «Бурабай» ұлттық табиғи паркінде 2024 жылғы орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы көшеттердің жоғары  өнімділік деңгейін көрсетті «Бурабай» ұлттық табиғи паркінде 2024 жылғы орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы көшеттердің жоғары  өнімділік деңгейін көрсетті «Бурабай» ұлттық табиғи паркінде 2024 жылғы орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы көшеттердің жоғары  өнімділік деңгейін көрсетті «Бурабай» ұлттық табиғи паркінде 2024 жылғы орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытындысы көшеттердің жоғары  өнімділік деңгейін көрсетті

«Бурабай» ұлттық паркінде 2024 жылғы орман дақылдарын түгендеу қорытындысы шығарылып, Ақылбай, Бурабай, Золотобор, Жалайыр, Мирный және Приозерный орманшылықтарының аумағында отырғызылған қарағай көшеттерінің жоғары өнімділік деңгейі атап өтілді. Биылғы көктемде орманды қалпына келтіру шараларымен қамтылған жалпы аумақ 104,9 гектарды құрады, оған 839,2 мың қарапайым қарағай көшеттері отырғызылды.

 

1 қыркүйектен 10 қазанға дейін жүргізілетін орман дақылдарын жыл сайынғы түгендеу 2024 жылғы екпелердің өмір сүру деңгейінің жоғары екенін көрсетті — 78%. 

 

«Жүргізілген түгендеу ұлттық парктің орман қоры 655 мыңға жуық жаңа ағашпен толықтырылатынын көрсетті. Бұл нәтижеге ауа-райының қолайлы жағдайлары мен бірнеше рет арамшөптерден арылту, екпелерді зиянкестерден қорғау жұмыстарын жүргізген ұлттық парк қызметкерлерінің күшейтілген жұмысының арқасында қол жеткізілд»,-деп атап өтті «Бурабай» МҰТП орманды қалпына келтіру инженері Әлия Әбдірахманова.

 

Бұдан басқа, биылғы жылы жалпы ауданы 52,4 га, 2017-2018 жылдары салынған дақылдар учаскелері орманмен қамтылған жерлер санатына ауыстырылды. Келесі жылы  40 гектар алқапқа 320 мың көшет егу жоспарланған, бұл ұлттық парктің орман қорын қалпына келтірудегі кезекті қадам болады.

 

«Бурабай» МҰТП-да орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда және мұндай жұмыс нәтижелері өңірдің экожүйесін сақтау үшін орманды қалпына келтіру бағдарламаларының маңыздылығы мен тиімділігін растайды.

 

«Бурабай»  МҰТП баспасөз қызметі