Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінде қарағай бүршіктерін жинау басталды

«Бурабай» ұлттық паркінде қарағай бүршіктерін жинау басталды

«Бурабай» ұлттық паркінде қарағай бүршіктерін жинау басталды «Бурабай» ұлттық паркінде қарағай бүршіктерін жинау басталды «Бурабай» ұлттық паркінде қарағай бүршіктерін жинау басталды «Бурабай» ұлттық паркінде қарағай бүршіктерін жинау басталды «Бурабай» ұлттық паркінде қарағай бүршіктерін жинау басталды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде болашақ орман екпелерінің тұқымын дайындау үшін бүршіктерді жинау басталды. Биылғы жылы бүршіктерді жинау жоспары 5000 кг құрайды.

Қыс мезгілінде орманшылар бүршіктерді кептіреді, олардан тұқым алады, ал көктемде оларды қарағай көшеттерін өсіру үшін тәлімбаққа отырғызады.

«Біздің ұлттық парк қарағайлы орманымен, емдік ауасымен өте танымал. Қарағайлар өкпе ауруларын емдеуге көмектесетін фитонцидтерді бөледі. Алайда паркқа келген қонақтар, ұлттық парктің мамандары орманға күтіп жасау үшін қанша жұмыс атқаратынын біле қоймайды. Ағаштар ауруға бейім, өрттен зардап шегеді және қартаяды. Сол себептен орманның тығыстығы мен денсаулығын сақтау үшін орманшылар жыл сайын тәлімбақта өсірілген екі жылдық көшеттерді отырғызады», - дейді парк директорының орынбасары, бас орманшы Бауыржан Махметов.

Кәдімгі қарағай бүршіктерін жинау, қарашадан наурызға дейін жүзеге асырылатын және көп көңіл бөлуді қажет ететін процесстердің бірі болып табылады. Жиналған бүршіктердің сапасы өнімге байланысты жылдан жылға өзгеріп отырады, бұл болашақ орманның қалпына келуіне әсер етеді.

Бүршіктерді  өңдеу циклі бірнеше кезеңдерді қамтиды: сұрыптау, тұқым алу, қауырсыннан тазарту, қоспалардан тазарту, тұқымдарды сұрыптау және оларды қажетті ылғалдылыққа дейін кептіру (12-15%). Осы процедуралардан кейін ғана өткен тұқымдар тәлімбақта отырғызылады. Отырғызылған тұқымнан көшеттер өніп шығып, екі жасында орман алқаптарына отырғызылады.

Осылайша, бүршік жинау - экологиялық тұрақтылық пен табиғи ресурстардың денсаулығын қамтамасыз ететін аймақтың бірегей ормандарын сақтау мен қалпына келтірудің маңызды қадамы.

Айтпақшы, биылғы жылы орманды қалпына келтіру шараларымен қамтылған ұлттық парктің жалпы ауданы 104,9 гектарды құрады. Мұнда 839,2 мың қарапайым қарағай көшеттері отырғызылды. Осылайша, бүршік жинау -экологиялық тұрақтылық пен табиғи ресурстардың денсаулығын қамтамасыз ететін аймақтың бірегей ормандарын сақтау мен қалпына келтірудің маңызды қадамы болып табылады.

«Бурабай» ұлттық паркіндегі орман алқаптарын жоспарлы қалпына келтіру шеңберінде, 2024 жылы алты орманшылықтың аумағында, яғни Ақылбай, Бурабай, Золотобор, Жалайыр, Мирный және Приозерныйда ағаштарды жаппай отырғызу жүргізілді. Орманды қалпына келтіру шараларымен қамтылған жалпы аумағы 104,9 гектарды құрайтын, 839,2 мың қарапайым қарағай көшеттері отырғызылды.