«Бурабай» МҰТП 2024 жылғы 11 қараша мен 30 желтоқсан аралығында Шортанды көлінен ақбалық тұқымдас пайдабалық (пелядь) және көкшұбар (рипус) балықтарын көбейту үшін ауланатынын хабарлайды.
Балық аулауды «Бурабай» МҰТП жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің қызметкерлері жүзеге асырады. Олардың уылдырығы Зерендідегі балық шаруашылығы кәсіпорнында инкубацияланып, кейін майшабақтар Ұлттық парк аумағындағы көздердің айдынына жіберіледі.
Бұл іс-шара ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «ЕҚТА-да балық аулау көлемін бекіту туралы» 2024 жылғы 4 шілдедегі №27-4/174-нқ бұйрығы негізінде, сондай-ақ Ұлттық парк үшін Балық шаруашылығы ҚазҒЗИ Солтүстік филиалының мамандары әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес ұйымдастырылып отыр.
Сондай-ақ, 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін «Бурабай» МҰТП көлдерінде қауіпсіз қалың мұз жамылғысы пайда болғанға дейін спорттық-әуесқойлық балық аулауға жолдама сату тоқтатылатынын хабарлаймыз. Бұл жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қажет. Ауа-райына байланысты балық аулауға тыйым салу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Біздің сайттағы хабараманы қадағалап отыруыңызды сұраймыз.