«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы келушілерге, спорттық балық аулаушы әуесқойларға, жалға алушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға 26 қарашадан бастап Ұлттық парк аумағында жаңа тарифтер қолданысқа енетінін хабарлайды.
2024 жылдың соңына дейін (1 АЕК = 3 692 теңге) кіру ақысы:
- жеңіл автокөлік – 0,3 АЕК (1 108 теңге);
- сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобус және жүк көлігі – 1 АЕК (3 692 теңге);
- 32 орынға дейін автобус – 2 АЕК (7 384 теңге);
- 32 орыннан асатын завтобус – 3 АЕК (11 076 теңге).
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап (1 АЕК = 3 932 теңге) кіру ақысы:
- жеңіл автокөлік – 0,3 АЕК (1180 теңге);
- сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобус және жүк көлігі – 1 АЕК (3932 теңге);
- 32 орынға дейін автобус – 2 АЕК (7864 теңге);
- 32 орыннан асатын автобус – 3 АЕК (11796 теңге).
1 мамырдан 30 қыркүйекке дейін демалыс және мереке күндерінде кіру ақысы:
- жеңіл автокөлік – 0,4 АЕК (1573 теңге);
- сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобус және жүк көлігі – 1,5 АЕК (5898 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобус – 2,5 АЕК (9830 теңге);
- 32 орыннан асатын автобус – 3,5 АЕК (13762 теңге).
Табиғат қорғау мекемесінің аумағына кіргені үшін төлемақыдан босатылғандар:
- Ұлттық парк аумағында және оның күзетілетін аймағында шекарасында тұратын тұрғындардың (осы аумақта тіркелген) автокөлік құралдары;
- зейнеткерлердің, мүгедек адамдардың, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлердің, жеңілдік бойынша ҰОС ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің автокөлік құралдары;
- қызметтік міндеттерін орындап жүрген арнайы автокөлік құралдары: жедел медициналық көмек, апаттан құтқару қызметі, құқық қорғау мекемелері және т. б.;
- жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
- ауылшаруашылық және мелиорациялық машиналар;
- электромобильдер.
Бурабай, Бұланды және Еңбекшілдер аудандарының Ұлттық парк аумағынан және оның күзетілетін аймағынан тыс жерде орналасқан өзге елдімекендерінің тұрғындары Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа бару үшін және автокөліктің кіруі үшін жалпы негізде ақы төлеуге тиіс.
Ұлттық парктің барлық бақылау-өткізу бекеттері екінші деңгейлі банктердің төлем қызметіне қосылған (Kaspi.kz, Homebank).
Банктердің онлайн-төлем жүргізуге арналған QR-кодтары саябақ аумағында адамдар көп баратын жерлерге ілінген.
Kaspi.kz қосымшасында (ақылы жолдарға ұқсас) саябақ аумағына кіргеннен кейін кіру ақысын төлеу үшін шотты алдын ала толықтыру жолы қарастырылған. Онда төлем Ұлттық парктен шыққан кезде автоматты түрде есептен шығарылады.
Қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен төлем жасау (терминал арқылы) сақталады.
Спорттық-әуестік балық аулауға жолдама құны – 0,16 АЕК (591 теңге).
Туристік соқпақ жолдар мен маршруттарды ұсыну құны – 0,26 АЕК (960 теңге).
Сондай-ақ МҰТП аумағында маусымдық жұмыс істейтін 47 бизнес субъектісі үшін де АЕК-пен жаңа тарифтер бекітілді. Жалға алушылар жаңа тариф туралы Ұлттық парк дирекциясынан біле алады.