Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ аумағында жыл сайын 01 желтоқсаннан бастап жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қылқан жапырақты жас шыршаларды қорғауды күшейтуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі.
Қылқан жапырақты жас шыршаларды заңсыз кесу фактілерін болдырмау және анықтау мақсатында «Бурабай» МҰТП мемлекеттік инспекторлары кешенді іс-шаралар әзірледі, оның ішінде: жергілікті тұрғындар мен өңірдің қонақтары арасында тұрақты ақпараттық үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, ақпараттық аншлагтарды орнату, ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп тәулік бойы жедел кезекшіліктер жүргізу.
«Бурабай» МҰТП ММ хабарлайды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 381-1 бабына сәйкес, «заңсыз кесілген ағаштар мен бұталарды, көлік құралдарын және аталған бұзушылықтарды жасау құралы болып табылған бұзушының өзге де заттарын тәркілей отырып, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру - жеке тұлғаларға – 30 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілерінінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың лауазымды адамдарына – 70 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 90 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 90 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектіліріне – 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатының ескертеміз».
Залал 50 АЕК-тен асқан жағдайда іс материалдары құқық қорғау органдарына беріледі.
Сондай-ақ, «ҚР орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиян мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы» ҚР ЭТРМ 22.09.2023 жылғы №265 бұйрықтың негізінде, жаңа жыл алдындағы кезеңде (қараша-желтоқсан) қылқан жапырақты ағаштардың 1 данасын бүлдіргені немесе жойғаны үшін 1 бірлік үшін 15 АЕК мөлшерінде залал көзделген.