Басты бетЖаңа жылдық демалыс күндері "Бурабай" ұлттық паркіне 10 мыңнан астам адам келді

Жаңа жылдық демалыс күндері "Бурабай" ұлттық паркіне 10 мыңнан астам адам келді

Жаңа жылдық демалыс күндері "Бурабай" ұлттық паркіне 10 мыңнан астам адам келді Жаңа жылдық демалыс күндері "Бурабай" ұлттық паркіне 10 мыңнан астам адам келді Жаңа жылдық демалыс күндері "Бурабай" ұлттық паркіне 10 мыңнан астам адам келді Жаңа жылдық демалыс күндері "Бурабай" ұлттық паркіне 10 мыңнан астам адам келді Жаңа жылдық демалыс күндері "Бурабай" ұлттық паркіне 10 мыңнан астам адам келді Жаңа жылдық демалыс күндері "Бурабай" ұлттық паркіне 10 мыңнан астам адам келді

31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында "Бурабай" МҰТП бақылау-өткізу пункттері арқылы 10 000-нан астам адам мен 3034 көлік өтті. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы Ақпараттық жүйеде тіркелген осы деректерді хабарлады.

«Әрине, демалушылардың негізгі ағыны жаз айларында болады, алайда қыс мезгілі де тартымды бола бастағанын көріп отырмыз. Өткен 2024 жылы ұлттық паркке барлығы 1 миллионнан астам турист келді», - деді «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков.

Мереке күндері табиғатты қорғау заңнамасын, оның ішінде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу бойынша бұзушылықтар анықталмағанын да директор атап өтті.

Белсенді қысқы демалысты жақсы көретіндер арасында ең танымал туристік нысандар - тау шаңғысы базалары, «Ақмарал» орман фермасы, шанамен, қармен, шаңғымен сырғанауға және коньки тебуге болатын «Burabayland» қысқы қалашығы. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде туристер Абылай хан алаңында орналасқан жаңартылған Мультимедиялық кешенге барғанды ұнатады.

 

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі