Басты бетТаза Қазақстан: Кішкентай тұқымнан зәулім қарағай өсіреміз

Таза Қазақстан: Кішкентай тұқымнан зәулім қарағай өсіреміз

Таза Қазақстан: Кішкентай тұқымнан зәулім қарағай өсіреміз Таза Қазақстан: Кішкентай тұқымнан зәулім қарағай өсіреміз Таза Қазақстан: Кішкентай тұқымнан зәулім қарағай өсіреміз

«Таза Қазақстан» акциясы аясында бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің орман инспекторлары ерекше іс-шара өткізді. Мамандар оқушыларымен бірге барлық ережелерді ұстана отырып, қарапайым қарағайдың тұқымын отырғызып, оларға әрі қарай үнемі күтім жасайды.

         Акцияға ұлттық парк аумағында орналасқан ауылдардың 15 мектебінің оқушылары қатысты. Оқу орны терезелері алдында тұқым егілген тостағандардан 800 түп жаңа қарағай өскіні өніп шығуы керек. Содан соң бұл өскіндер мектеп аумағына отырғызылады.

         «Бұл пайдалы да әрі қызықты сабақтар жас ұрпақтың жасыл желек жамылған Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға көмектеседі, сондай-ақ ерте жастан бастап ағаштар мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулиды», - деп есептейді МҰТП директоры Сергей Быков.

         Мектептегі екпелерге арналған тұқымды парк қызметкерлері арнайы жинап, іріктеп алды. Оқушыларға бұл жұмыстың қаншалықты ауыр және көп еңбекті қажет ететіндігі түсіндірілді.

Қыстың түсісімен инспекторлар шырша бүрлерін жинап, цехқа тапсырады. Тапсырылған бүрлерді жұмысшылар сұрыптап, бұтақтар мен инелерден арылтады. Тұқым алу үшін бүрлер арнайы барабандарда кептірілген соң, көп ұзамай қабықшалары ашыла бастайды. Осындай жұмыстың нәтижесінде дайын тұқымдар алынады. Содан кейін олар қайтадан сұрыпталып, өнгіштігі тексеріледі, артынша топыраққа отырғызу үрдісі басталады. Екі жылдық көшеттер тұрақты өсу орнына отырғызылған соң, орман инспекторлары келесі он жыл ішінде оларға күтім жасап, мұқият қадағалап отырады.

 

 

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі