Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайынғы «Құстарды тамақтандыр»: қысқы акциясы өтіп жатыр

«Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайынғы «Құстарды тамақтандыр»: қысқы акциясы өтіп жатыр

«Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайынғы «Құстарды тамақтандыр»: қысқы акциясы өтіп жатыр «Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайынғы «Құстарды тамақтандыр»: қысқы акциясы өтіп жатыр «Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайынғы «Құстарды тамақтандыр»: қысқы акциясы өтіп жатыр «Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайынғы «Құстарды тамақтандыр»: қысқы акциясы өтіп жатыр «Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайынғы «Құстарды тамақтандыр»: қысқы акциясы өтіп жатыр

Қыс-көптеген құстар үшін ауа райының қолайсыз, азық-түлік тапшы болатын қыс мезгілі нағыз сынаққа айналатын қиын кезеңдердің бірі. Бұл уақытта құстарды тамақтандыру олардың аман қалуына, әл-ауқатын жақсартуға үлкен көмек.

«Бурабай» ұлттық паркінде мемлекеттік инспекторлар мен білім беру мекемелері қатысатын жыл сайынғы «Құстарды тамақтандыр» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Бұл қанаттылардың популяциясы мен биоалуандығын сақтауға көмектеседі. Акция аясында жем салатын жемсауыт жасау және оларды ілу қызықты іс қана емес, ол адамдарды табиғатпен жақындастыруға да ықпал етеді. Жыл сайын акцияға оқушылар, құстардың тағдырына бей-жай қарамайтын тұрғындар көптеп қосылуда.

«Осы іс-шара әртүрлі жастағы адамдарды біріктіретін игі дәстүрге айналды. Бұл процеске балалардың қатысуы өте маңызды - олар жем салатын ыдыс жасауға көмектесіп, оларды құстар оңай тамақ таба алатын әртүрлі жерлерге қоюға қуана көмектеседі. Құстарды мектеп, балабақшалардың жанына, жаяу жүргіншілер жүретін жолдар мен туристік маршруттардың бойына орнатамыз», - дейді парк директорының орынбасары, бас орманшы Бауыржан Махметов.

Құстарға арналған тағамды дұрыс таңдауға ерекше назар аударылады. Олар үшін зиянды болатын наннан аулақ болып, тұқымдарды, бидай кебегін, күнбағыс дәні мен жаңғақ салу өте маңызды. Азық-түліктің әртүрлілігі құстарға ұнайды,  олардың денсаулығына пайдалы.

Мемлекеттік инспектор Светлана Летягина: «Балалар құстарға арнап жемсауыт жасау процесіне қуана қатысады, бұл бүкіл мектеп үшін нағыз мереке. Кейін балалардың көбі құстарды тамақтандырып, өздері оны тамашалауға келеді»,- деп атап өтті.

 Қыста құстарға тамақ беру - табиғатты қорғаудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар әркім үшін жақсы іс жасауға және қанатты достарымызға қолдау көрсетуге тамаша мүмкіндік.