![Ұлттық парктегі көлдердің айдындарында көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу туралы](/images/attachments/1-4-67a59c9279aa8914376988.jpeg)
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларына» сәйкес, Ұлттық парктердің су айдындарында, соның ішінде Бурабай көлінің бетіндегі мұз басқан айдында квадроциклмен жүруге тыйым салынғанын хабарлайды.
«Бурабай» МҰТП дирекциясы Ұлттық парк аумағында бизнестің мұндай түрін жүргізуге рұқсат берілмегенін еске салады. Суқоймалардың маңында «Көлге кіруге тыйым салынады» ақпараттық тақталар орнатылған.
Күн сайын Ұлттық парктің инспекторлық құрамы Ақмола облыстық полиция департаменті Бурабай аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жалпы қолданыстағы жолдан Бурабай көлінің мұзайдынына квадроциклдер шығып кетуіне байланысты 8 факті тіркелді. Барлық жағдайда көлік құралдары тәркіленіп, иелеріне әкімшілік айыппұл салынды.
«Бурабай» МҰТП ұжымы Ұлттық саябаққа келушілерден табиғатқа жанашырлық танытуды, ықтиятпен қарауды сұрайды.
Ұлттық парктің жергілікті тұрғындары мен қонақтарына экологиялық тұрғыда жауапкершілік танытып, табиғатты қорғау қызметін қолдағаны үшін алғыс білдіреміз.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілеріне куә болсаңыз, оның ішінде көліктердің мұз бетіне шығып кеткенін көрсеңіз, МҰТП жедел басқару орталығына (ЖБО) мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (716 36) 7 - 17 – 15.