Басты бетҰлттық паркте жануарлар санағы басталды

Ұлттық паркте жануарлар санағы басталды

slide 1 of 6

Қыс мезгілі «Бурабай» ұлттық паркінің ғалымдары үшін жануарлардың көші-қоны мен тіршілік ету ортасын дәл анықтауға ыңғайлы уақыт. Себебі қар жамылғысы олардың белсенділігінің бірден-бір көрсеткіші. Сондықтан «Бурабай» паркінде жануарлардың санағы ақпан мен наурыз аралығында жүргізіледі.

Бұл өте маңызды іс-шара. Жыл сайын инспекторлар құрамы бұлан, аскания бұғысы, сібір елігі, қабан, қасқыр, сілеусін, түлкі, қарсақ, қарақұйрық, орман сусары, ақ қоян және басқа да жабайы аңдардың есебін жүргізеді. Қазіргі таңда ұлттық паркте сүтқоректілердің 48 түрі бар.

Санау үшін визуалды әдіс және қысқы маршрутты есепке алу әдісі қолданылады. Сонымен қатар, бір жыл ішінде инспекторлар құрамы бақылау күнделіктерінде өздерінің бекітілген аумақтарында кездесетін жабайы жануарлардың жиналатын жерлерін тіркеп отырады.

Жануарлар қозғалысының негізгі бағыттарын белгілеу, олардың санын және түрлерін, әл-ауқатын қосымша анықтау үшін, ұлттық парк қызметкерлеріне фототұзақтар көмектеседі. Сонымен қатар тиісті территориялар биіктен дрондармен түсіріледі.

Ұлттық парктте жануарларды есепке алу табиғи ресурстарды тұрақты басқарудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Жануарлардың санын үнемі зерттеу және санау популяциядағы өзгерістерді бақылауға және ұлттық парктің биоәртүрлілігін сақтауға көмектеседі.

«Санақ белгілі бір мекендейтін жерлерде түрлердің тығыздығын есептеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ауа райының жылылығы мен уақытылы тамақтандыру ұлттық парк жануарларына қысты оңай өткізуге мүмкіндік береду. Аскания бұғысының саны - 1430, Сібір бұғысы-1388, қабан - 651 және түлкі – 331 басты құрайды. Егер 2023 жылмен салыстыратын болсақ, есепке алу деректері жануарлар санының тұрақтылығын көрсетеді», - деп атап өтті «Бурабай» МҰТП бас аңтанушысы Юрий Зелинский.

 

 

                                                                  Бурабай МҰТП баспасөз қызметі