Басты бетӨрт қауіпті кезеңнің басталуы - 2025

Өрт қауіпті кезеңнің басталуы - 2025

Өрт қауіпті кезеңнің басталуы - 2025 Өрт қауіпті кезеңнің басталуы - 2025

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2025 жылғы 03 сәуірдегі № 27-03/72-НҚ бұйрығына сәйкес, 07 сәуірден бастап «Бурабай» МҰТП мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпті кезеңі басталды. Орман өрттері маусымын уақытылы хабарлау мен алдын-ала дайындық мақсатында он орманшылықта арнайы кеңестер өткізілді. Сонымен қатар өртке қарсы жабдықтар мен техниканы түгендеу жұмыстары жүзеге асырылды.

 ҚР ЭТРМ 2025 жылғы 17 қаңтардағы №10-П бұйрығы мен Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 қаңтардағы №25 бұйрығы негізінде, мемлекеттік орман қорғау қызметкерлері, орман өртінен қорғау станциялары және авиациялық өртке қарсы қызмет көрсету қызметкерлерінің орман өрттерін сөндіру бойынша оқытылу ережелері бекітілді. 11-14 наурыз аралығында ұлттық парк аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысатын 156 қызметкер даярлаудан өтті, ал 17 наурызда оқыту қорытындысы бойынша олардың біліктілігін растайтын емтихандар өткізілді. Сонымен қатар, ұзындығы 116,22 км бақыланатын көктемгі күйдіру жұмыстары жүргізілді. Минералды жолақтарды (105 км) жырту мен минералды жолақтарды күту (9 580,4 км) бойынша іс-шаралар жоспарлануда. 

         «Бурабай» МҰТП барлық азаматтарды, жеке тұлғаларға арналған ұлттық паркке келу Ережелері мен Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі Ережелерін сақтауға шақырады. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзатын жағдайлар анықталған жағдайда, азаматтарға дереу келесі жедел желісіне хабарласуды өтінеді:8 (71636) 7-19-83; 7-36-65 (тәулік бойы) және 8-777-200-78-19.
     
Табиғат – болашақ ұрпаққа сақталуы тиіс сұлулық. Табиғатты қорғау – біздің ортақ мақсатымыз.