Басты бет«Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды

«Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды

«Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды «Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды «Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды «Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды «Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды «Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды «Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды «Бурабай» ұлттық паркі 850 мыңнан астам қарағай көшеттерін отырғызды

Бурабайдағы көктем маңызды да, әрі шабыттандыратын істен басталды: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 850 мыңнан астам жас ағаш отырғызылды. Бұл жай ғана көшет отырғызу емес — бұл аймақтың бірегей ормандарын қалпына келтіруге және экожүйенің болашағына қамқорлық жасауға үлес.

Орман отырғызудың кешенді жоспары аясында ұлттық парк қызметкерлері 40 гектар алқапқа 320 мың екі жылдық қарағай көшеттерін отырғызды. Қосымша жұмыстар алдыңғы жылдары отырғызылған учаскелерде де жүргізілді: 534,3 мың көшет 174 гектарға жас екпелерді толықтырды.

«Біз орманды қалпына келтіру жұмыстарына өте мұқият қараймыз. Орман алқабын таңдаудан бастап жас ағаштарды күтуге дейін процессті қадағалау маңызды. Кәдімгі қарағай - біздің аймақтағы негізгі орман түзуші түр және оны басынан бастап ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету маңызды. Бұл ағаштар біздің балаларымыз бен немерелеріміз көретін болашақ орманның бір бөлігі болады», - деді «Бурабай» МҰТП орман қалпына келтіру жөніндегі инженері Әлия Әбдірахманова.

Ормандарды қалпына келтіру жұмыстары отырғызудан бұрын басталады. Қарашадан қаңтарға дейін парк инспекторлары қарағай бүрлерін жинайды. Кептіріліп, сақтаудан өткен тұқымдар оман тәлімбағына егілген соң, екі жыл бойы сонда өсіріледі. Осыдан кейін ғана олар ормандағы арнайы дайындалған участкілерге отырғызылады.

Мұндай акциялар жақсы дәстүрмен қатар экологиялық білімнің маңызды бөлігіне айналуда. Олар орман қорының ұлғаюына ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар: табиғатқа қамқорлық жасау — біздің ортақ жауапкершілігіміз екенін еске салады. «Бурабай» ұлттық паркі, барлық ниет білдірушілерді екпе отырғызуға және бірге жасыл, әрі тұрақты болашақ құруға шақырады.