Басты бет«Бурабай» жазғы маусымда миллионнан астам туристі қарсы алуда

«Бурабай» жазғы маусымда миллионнан астам туристі қарсы алуда

«Бурабай» жазғы маусымда миллионнан астам туристі қарсы алуда

Жазғы маусымда «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне деген қызығушылық артады. Маусым бойы паркке келушілердін саны 1 миллионнан асады. Әсіресе алыс-жақын шет елден келетін туристердің ағымы ерекше байқалады — олар дәстүрлі түрде жазғы демалысты Бурабайда өткізуді таңдайды.

Айта кетсек,  шетелдік туристер ұлттық парк аумағына оңай кіре алады, себебі төлемді қолма-қол ақшамен жасауға мүмкіндік бар. Бақылау-өткізу бекеттерінде орнатылған шлагбаумдар арқылы жүзеге асады, онда төлемнің қолма-қол да, картамен төлеу қабылданады. Бұл Қазақстанның банк қосымшалары жоқ шетелдік қонақтар үшін өте ыңғайлы.

Барлық шығу жолындарында автоматтандырылған төлем жүйелері жұмыс істейді. Ең тығыз бағыттарда ұлттық парк қызметкерлері кезекшілік жасап, туристерге бағыт-бағдар беріп, қажет болған жағдайда төлем жасауға көмектеседі.

Парк аумағында алдын ала төлеуге арналған схемалар мен QR-кодтар орналастырылған, бұл кептелістерді болдырмауға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жеңілдіктер жүйесі қарастырылған: зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер, ұлттық парк аумағында тұратын азаматтар, сондай-ақ электромобильдер мен арнайы техника иелері төлемнен босатылады.