Басты бетБөлектау тауында шұғыл көмек: орманшылар, дәрігерлер мен ТЖ қызметкерлері келушіні құтқарып қалды

Бөлектау тауында шұғыл көмек: орманшылар, дәрігерлер мен ТЖ қызметкерлері келушіні құтқарып қалды

Бөлектау тауында шұғыл көмек: орманшылар, дәрігерлер мен ТЖ қызметкерлері келушіні құтқарып қалды

9 шілде күні «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Бөлектау тауына көтеріліп келе жатқан кезде 58 жастағы келуші әйелдің жағдайы кенеттен нашарлап кетті. Оның қан қысымы күрт көтеріліп, өзін жайсыз сезіне бастаған.

Оқиға туралы дабыл бір мезгілде 112 шұғыл қызмет нөміріне және жедел медициналық жәрдем қызметіне түсті. Ақпарат жедел түрде «Бурабай» МҰТП-ның жедел қызметтеріне жеткізілді, бұл уақытылы әрекет етуге мүмкіндік берді.

Барлық қызметтердің үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында зардап шеккен адамға жедел көмек көрсетілді. Құтқару операциясына ерекше қорғалатын табиғи аумақтың инспекторлары — Арлан Советов, Қуантай Махмет, Әлия Әлімова, орман шебері Ақжүніс Айбек, сондай-ақ Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы қатысты.

Әйел адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол таулы соқпақтан қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Жылдамдық, мұқияттылық және нақты үйлестірілген әрекеттердің арқасында оның денсаулығына елеулі зиян келуінен сақтап қалу мүмкін болды.

«Бурабай» МҰТП басшылығы құтқару операциясына қатысқан барлық мамандарға кәсібилігі, нақты іс-әрекеттері және жауапкершілігі үшін шынайы алғысын білдіреді.