Басты бетТехнологиялардың қорғанысындағы ормандар!

Технологиялардың қорғанысындағы ормандар!

Технологиялардың қорғанысындағы ормандар!

«Бурабай» МҰТП аумағында өртті ерте анықтауға арналған «Smart National Park Burabay» жүйесі іске қосылған. Бұл жүйе өрт тұтанған сәтті дер кезінде анықтап, жалын кең жайылып үлгермей шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бақылау камералары парктің маңызды нүктелеріне орнатылған және тәулік бойы жағдайды қадағалап отырады. Жүйе түтінді автоматты түрде танып, оның координаттарын тіркеп, диспетчерге жедел түрде белгі береді.

Осы арқылы орман қызметінің мамандары бірнеше қымбат минут ұтып, оқиға орнына дер кезінде жетіп, үлкен қауіптің алдын алады.

Орман қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Біз жасыл табиғатты келер ұрпаққа аман жеткізу үшін «ақылды» технологияларды енгізуді жалғастырамыз.