Басты бет"Бурабай" ұлттық табиғи паркіне кіру: кімдер ақы төлемейді және электромобильмен қалай кіруге болады

"Бурабай" ұлттық табиғи паркіне кіру: кімдер ақы төлемейді және электромобильмен қалай кіруге болады

"Бурабай" ұлттық табиғи паркіне кіру: кімдер ақы төлемейді және электромобильмен қалай кіруге болады

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі дирекциясы парк аумағына электромобильмен кіретін жүргізушілер ақы төлеуден босатылатынын еске салады. Алайда жүйенің техникалық ерекшеліктерін ескеру маңызды.

«Электромобильдерге қатысты – иә, олар тегін өтеді. Бірақ камера қозғалтқыш түрін ажырата алмайды. Сондықтан ақысыз кіру үшін көліктен түсіп, терминалға барып, операторды шақыру батырмасын басу қажет. Байланыс орнаған соң жағдайды түсіндірсеңіз – сізді өткізіп жібереді», – деп түсіндірді «Бурабай» МҰТП әкімшілігі.

Егер сұрақ туындаса – КПП-дегі қызметкерлерге тікелей жүгінуге немесе байланыс батырмасы арқылы оператормен хабарласуға болады. Бұл батырмалар барлық кіреберіс және шығаберіс бекеттерде орнатылған.

Кімдер ұлттық паркке ақысыз кіре алады?
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, келесі санаттағы азаматтар паркке тегін кіре алады:

  • зейнеткерлер,
  • мүмкіндігі шектеулі жандар,
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар,
  • өзге мемлекеттердегі әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер,
  • ұлттық парктің шекарасы мен қорғалған аумағында тұратын тұрғындар,
  • арнайы қызметтік автокөлік,
  • электромобильдер.

«Бурабай» МҰТП әкімшілігі барлық келушілерді табиғатты аялауға, белгіленген ережелерді сақтауға және қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда КПП операторларынан көмек сұрауға шақырады.