Басты бет«Бурабай» МҰТП аумағында браконьерлік фактісі тіркелді

«Бурабай» МҰТП аумағында браконьерлік фактісі тіркелді

«Бурабай» МҰТП аумағында браконьерлік фактісі тіркелді

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Жукей көлінде заңсыз балық аулау фактісін анықтады. Тәртіп бұзушылық 2025 жылғы 4 тамызда түнгі уақытта бейнемониторинг барысында - Жедел басқару орталығы (ЖБО) операторларының және МҰТП кезекші тобы жұмысының арқасында тіркелді.
Сыртқы бақылау камераларынан алынған бейне құқыққа қарсы әрекеттерді жедел анықтауға және растауға мүмкіндік берді. Осы факті бойынша ақпарат қолданыстағы заңнама шеңберінде тексеру жүргізу және шаралар қабылдау үшін Біржан сал ауданының полиция бөліміне берілді.
«Бурабай» МҰТП еске салады: браконьерлік - бұл экологиялық жүйеге елеулі зиян келтіретін, биологиялық әртүрлілікке залал әкелетін және өңірдің тұрақты дамуына қауіп төндіретін табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзу.
Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Ұлттық парктің тұрғындары мен қонақтарын жауапты болуға және табиғатты құрметтеуге шақырамыз!